https://sputnik.kz/20240523/turkistan-oblysynda-eki-myn-zhyl-buryn-zhasalgan-altyn-ashekeyler-tabyldy-44497189.html
Түркістан облысында екі мың жыл бұрын жасалған алтын әшекейлер табылды
Түркістан облысында екі мың жыл бұрын жасалған алтын әшекейлер табылды
Sputnik Қазақстан
Археологтар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T10:24+0500
2024-05-23T10:24+0500
2024-05-23T10:24+0500
түркістан облысы
археология
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40319469_0:276:3072:2004_1920x0_80_0_0_e4de6cec70cd6b43b65293f2b6a2d912.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ескі қорым табылды. Ішінен 2 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған алтын әшекейлер шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz арнасына сілтеме жасап.Қарааспан ауылына жақын Төлебай төбе қорымындағы үшінші обада әр жылдары жерленген бес адамның мүрдесі де болды. Археологтар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше. Айшық тәрізді алтын сырғалар асыл тастармен безендірілсе, тұрмыстық заттар да қоламен көмкерілген. Мамандардың айтуынша, тарихи жәдігерлер Қаңлы кезеңіне жатады."Қос сырға зергерлік өнердің қайталанбас үлгісі іспетті. Мен сенімді түрде олардың Қаңлы мемлекетіне тиесілі екенін айта аламын. Сол заманның дәстүрлі мәдениетінде осындай алтындар қолданылған. Көбіне Грек қалалары мен Рим империясында кездеседі. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай, олар осы өз даламызда табылып жатыр", - дейді Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Александр Подушкин.Қорымды зерттеу жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді. Бұл жолы 3 бірдей оба қазылып, соның екеуі тоналғаны анықталды. Дегенмен археологиялық ошақтан табылған хан айнасы құнды олжа санатында. Сонымен қатар ірілі-ұсақты моншақтар мен түйреуіш бар. Енді қаңқа сүйектері зерттелмек."Бұл жерде ауқатты адамдар жерленген. Яғни, бұл жерленген қаңқа сүйектеріне қарап, олардың әр уақыт аралығында жерленгенін байқауға болады. Табылған артефактілерге байланысты сондай шешім шығаруға болады. Антропологтарға берген кезде сүйектеріне және тістеріне қарап, олардың жасын анықтайды", - деп атап көрсетті археологиялық экспедиция мүшесі Гүлмира Стамқұлова.Тарихи маңызға ие жәдігерлердің біразы арнайы зерттеуден соң "Ордабасы" музейіне қойылады. Ал ерекше қолданбалы өнер туындыларын республикалық маңызы бар музей қорына өткізу жоспарланып отыр.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40319469_158:0:2889:2048_1920x0_80_0_0_a3625741515785782322c881148a8c9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, археология
түркістан облысы, археология
Түркістан облысында екі мың жыл бұрын жасалған алтын әшекейлер табылды
Археологтар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ескі қорым табылды. Ішінен 2 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған алтын әшекейлер шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
24.kz арнасына сілтеме жасап.
Қарааспан ауылына жақын Төлебай төбе қорымындағы үшінші обада әр жылдары жерленген бес адамның мүрдесі де болды. Археологтар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше. Айшық тәрізді алтын сырғалар асыл тастармен безендірілсе, тұрмыстық заттар да қоламен көмкерілген. Мамандардың айтуынша, тарихи жәдігерлер Қаңлы кезеңіне жатады.
"Қос сырға зергерлік өнердің қайталанбас үлгісі іспетті. Мен сенімді түрде олардың Қаңлы мемлекетіне тиесілі екенін айта аламын. Сол заманның дәстүрлі мәдениетінде осындай алтындар қолданылған. Көбіне Грек қалалары мен Рим империясында кездеседі. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай, олар осы өз даламызда табылып жатыр", - дейді Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Александр Подушкин.
Қорымды зерттеу жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді. Бұл жолы 3 бірдей оба қазылып, соның екеуі тоналғаны анықталды. Дегенмен археологиялық ошақтан табылған хан айнасы құнды олжа санатында. Сонымен қатар ірілі-ұсақты моншақтар мен түйреуіш бар. Енді қаңқа сүйектері зерттелмек.
"Бұл жерде ауқатты адамдар жерленген. Яғни, бұл жерленген қаңқа сүйектеріне қарап, олардың әр уақыт аралығында жерленгенін байқауға болады. Табылған артефактілерге байланысты сондай шешім шығаруға болады. Антропологтарға берген кезде сүйектеріне және тістеріне қарап, олардың жасын анықтайды", - деп атап көрсетті археологиялық экспедиция мүшесі Гүлмира Стамқұлова.
Тарихи маңызға ие жәдігерлердің біразы арнайы зерттеуден соң "Ордабасы" музейіне қойылады. Ал ерекше қолданбалы өнер туындыларын республикалық маңызы бар музей қорына өткізу жоспарланып отыр.