https://sputnik.kz/20240523/singapurdyn-indorama-kompaniyasy-zhambyl-oblysynda-zauyt-ashqysy-keledi-44511499.html
Сингапурдың Indorama компаниясы Жамбыл облысында зауыт ашқысы келеді
Сингапурдың Indorama компаниясы Жамбыл облысында зауыт ашқысы келеді
Sputnik Қазақстан
Былтыр Indorama корпорациясы елімізде жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T17:15+0500
2024-05-23T17:15+0500
2024-05-23T17:15+0500
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e8/05/17/44510138_0:0:750:423_1920x0_80_0_0_d39722cd6ce6c55e5f6fe807c9a22930.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті.Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2000 тізіміне кіреді.Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді.Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20240523/singapur-uaqyt-synynan-otken-senimdi-seriktes---toqaev-44497775.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/17/44510138_11:0:703:519_1920x0_80_0_0_7e60c1c1b70267439f42d8f33bda60fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт
Сингапурдың Indorama компаниясы Жамбыл облысында зауыт ашқысы келеді
Былтыр Indorama корпорациясы елімізде жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті.
Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2000 тізіміне кіреді.
"Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр", - делінген хабарламада.
Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды.