https://sputnik.kz/20240523/qazaqstan-temasek-kompaniyasymen-tygyz-seriktestik-zhasauga-muddeli--prezident-44509744.html
Қазақстан Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі – президент
Қазақстан Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі – президент
Sputnik Қазақстан
"Самұрық-Қазына" қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T16:06+0500
2024-05-23T16:06+0500
2024-05-23T16:06+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1430/23/14302376_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4947397481d8315d0b7a5d7ea48b74ed.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Temasek International компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэйді "Самұрық-Қазына" қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады.Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.Бұдан бөлек, кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.
https://sputnik.kz/20240523/ortalyq-aziyadagy-singapurga-aynalady-toqaev-zhana-megapolis-turaly-aytyp-berdi-44507857.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1430/23/14302376_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8c00039d058cf6550d029be0b48f8230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі – президент
"Самұрық-Қазына" қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Temasek International компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэйді "Самұрық-Қазына" қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады.
Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
"Дилхан Пиллэй көлік және логистика салалары бойынша біздің елмен арадағы ынтымақтастық перспективасына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстан экономикасына қатысу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.