Видео

Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның энергетикалық жүйелерінің интеграциясы: бейнекөпір

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның энергетикалық жүйелерін біріктіру перспективалары" тақырыбында Астана – Баку – Ташкент бейнекөпірі өтуде
Мамыр айының басында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында электр энергиясын Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мақсатында үш елдің энергетикалық жүйелерін біріктіру және Каспий теңізінің түбімен жоғары вольтты кабель тарту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Үш елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығының болашағы қандай? Елдер жасыл электр энергиясын экспорттауға қаншалықты дайын?

Кездесуге қатысушылар осы және басқа да мәселелерді талқылайды.
Астанадағы спикерлер:
Еркебұлан Қожмамбетов, ҚР Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің Энергетика және атом өнеркәсібі комитетінің төрағасы;
Бакуде:
Эмин Мамедзаде, доцент, Әзірбайжан Ғылым және білім министрлігі Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері;
Ташкентте: Жорилла Абдуллаев, "Норма" компаниясының сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты;
Нодира Зикриллаева, экономика ғылымдарының кандидаты, м.а Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік экономикалық университетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.
Жаңалықтар
0