https://sputnik.kz/20240523/qazaq-air-di-vetnamdyq-sovico-group-kompaniyasy-satyp-alady-44512174.html
Qazaq Air-ді вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алады
Qazaq Air-ді вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алады
Sputnik Қазақстан
SOVICO Group басшысы компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алуға қызығушылық танытатынын жеткізді 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T18:01+0500
2024-05-23T18:01+0500
2024-05-23T20:21+0500
вьетнам
әуе компаниясы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/19/33252033_666:0:3765:1743_1920x0_80_0_0_5ca07d01a0c216a32e8482c524c61579.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде SOVICO Group компаниясының Қазақстан экономикасындағы түрлі секторға әлеуетті инвестор ретінде қатысу перспективасы талқыланды.Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алу, сондай-ақ логистикалық қоймаларға инвестиция құю ісіне қызығушылық танытатынын жеткізді.SOVICO компаниялар тобының құрамына кіретін Vietjet Air авиакомпаниясы еліміз арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын әуе рейстерінің санын біртіндеп көбейтіп келеді.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнам мен Сингапур инвесторлары қатысатын үшжақты серіктестік құру ұсынылды. Аталған бастама авиация, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, "ақылды қалалар" және активтерді басқару секілді түрлі салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған.Мемлекет басшысы компанияның әртараптандырылған бизнес жүргізуде тәжірибесі мол екенін ескеріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.Сонымен қатар Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/19/33252033_1418:0:3742:1743_1920x0_80_0_0_2d4168ea2e63cd8fb531c4e7cc1b267e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вьетнам, әуе компаниясы
Qazaq Air-ді вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алады
18:01 23.05.2024 (жаңартылды: 20:21 23.05.2024) SOVICO Group басшысы компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алуға қызығушылық танытатынын жеткізді
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде SOVICO Group компаниясының Қазақстан экономикасындағы түрлі секторға әлеуетті инвестор ретінде қатысу перспективасы талқыланды.
"Мемлекет басшысының пікірінше, SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алуға ниет білдіруі вьетнамдық конгломераттың біздің өңірде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты аса маңызды жоспары бар екенін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алу, сондай-ақ логистикалық қоймаларға инвестиция құю ісіне қызығушылық танытатынын жеткізді.
SOVICO компаниялар тобының құрамына кіретін Vietjet Air авиакомпаниясы еліміз арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын әуе рейстерінің санын біртіндеп көбейтіп келеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнам мен Сингапур инвесторлары қатысатын үшжақты серіктестік құру ұсынылды. Аталған бастама авиация, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, "ақылды қалалар" және активтерді басқару секілді түрлі салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған.
Мемлекет басшысы компанияның әртараптандырылған бизнес жүргізуде тәжірибесі мол екенін ескеріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.
Сонымен қатар Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.