Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Беларуське қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін

© AFP 2024 / Kenzo TribouillardФлаги Украины и ЕС
Флаги Украины и ЕС - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Еуроодақ Ресей Федерациясына батыстан жеткізілетін тауарлар мен сәнді бұйымдардың импортын шектеу үшін Беларуське қарсы санкцияларды күшейтуге дайындалып жатыр, деп жазды БАҚ. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Санкциялар әскери мақсатта қолданылатын технологиялар мен тауарларды, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ экспортына тыйым салады, ал гауһар тастардың импорты тоқтатылады, деп хабарлады Financial Times құжат жобасына сілтеме жасап.
"Жаңа санкциялар әскери мақсатта пайдалануға болатын технологиялар мен тауарларды, сондай-ақ сұйытылған табиғи газды Беларуське экспорттауға тыйым салады", - деп жазды басылым.
Сонымен қатар, жаңа санкциялар Беларусь арқылы Ресейге люкс көліктерінің импортын тоқтатуға бағытталған. Жаңа санкциялар пакеті жобасының мәтінінде Еуроодаққа мүше елдер талқылап жатқан жаңа шектеулер "айналып өту қаупін барынша азайтуға" бағытталғаны айтылған.
Жаңалықтар
0