https://sputnik.kz/20240523/duysenova-bilim-mekemelerinde-kamera-men-turniket-ornatu-zhumysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy-44516542.html
Дүйсенова білім мекемелерінде камера мен турникет орнату жұмысын жеделдетуді тапсырды
Дүйсенова білім мекемелерінде камера мен турникет орнату жұмысын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. 700-ден аса адам қабылдайтын білім мекемелерінде турникеттер орнатылып, күзет қойылуға тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің... 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T19:10+0500
2024-05-23T19:10+0500
2024-05-23T19:10+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949851_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_55fe737412ddc212dd0a611d1ee60d98.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. 700-ден аса адам қабылдайтын білім мекемелерінде турникеттер орнатылып, күзет қойылуға тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.Оқу-ағарту министрлігі биыл тиісті ережеге өзгерістер енгізген болатын. Оған сәйкес, контингенті 100 адамнан асатын барлық білім беру мекемесінде бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтары немесе аудандық полиция бөлімдеріне қосылып, дабыл батырмалары орнатылуы керек. Бұған дейін талап тек қалалар мен аудан орталықтарына тиесілі болатын.Осыған сәйкес, әр өңір қауіпсіздік жүйелерімен қамту туралы жұмыс жоспарын бекітуде.Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың келтірген мәліметінше, 13 мыңнан аса жалпы білім беру мекемесінің (65%) маңында барлық тиісті талаптар сақталған. Көрсеткішті жақсарту үшін биыл және келесі жылы 28 мыңнан астам шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Биыл әзірге 570 нысанның айналасында тиісті жұмыстар аяқталды."Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралармен қамтылған нысандар саны 10-ға да жетпейді", – деді Игорь Лепеха.Қабылданып жатқан шаралар туралы облыс әкімдерінің орынбасарлары да баяндады."Бекітілген жол картасында көрсетілген мерзімдердің сақталуына баса мән берген жөн. Жаз мезгілі тез өте шығады. Сондықтан тиісті жұмыстарды атқаруға жайлы мерзімді барынша тиімді қолдану керек", – дедіТамара Дүйсенова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949851_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_d99cb7887c75dbee755972b650d1bddd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. 700-ден аса адам қабылдайтын білім мекемелерінде турникеттер орнатылып, күзет қойылуға тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Оқу-ағарту министрлігі биыл тиісті ережеге өзгерістер енгізген болатын. Оған сәйкес, контингенті 100 адамнан асатын барлық білім беру мекемесінде бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтары немесе аудандық полиция бөлімдеріне қосылып, дабыл батырмалары орнатылуы керек. Бұған дейін талап тек қалалар мен аудан орталықтарына тиесілі болатын.
Осыған сәйкес, әр өңір қауіпсіздік жүйелерімен қамту туралы жұмыс жоспарын бекітуде.
"Оқу-ағарту, ішкі істер министрліктері әкімдіктермен бірге бейнебақылау камераларын, дабыл батырмаларын, турникеттерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет", – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың келтірген мәліметінше, 13 мыңнан аса жалпы білім беру мекемесінің (65%) маңында барлық тиісті талаптар сақталған. Көрсеткішті жақсарту үшін биыл және келесі жылы 28 мыңнан астам шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Биыл әзірге 570 нысанның айналасында тиісті жұмыстар аяқталды.
"Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралармен қамтылған нысандар саны 10-ға да жетпейді", – деді Игорь Лепеха.
Қабылданып жатқан шаралар туралы облыс әкімдерінің орынбасарлары да баяндады.
"Бекітілген жол картасында көрсетілген мерзімдердің сақталуына баса мән берген жөн. Жаз мезгілі тез өте шығады. Сондықтан тиісті жұмыстарды атқаруға жайлы мерзімді барынша тиімді қолдану керек", – дедіТамара Дүйсенова.