Атыраулық 700 оқушы Түркістан облысындағы лагерьде тегін демалады

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Оның ішінде тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасылардан 85 бала бар.
Сондай ақ, су тасқыны болған Қызылқоға ауданынан 58, Махамбет ауданынан 101 оқушы демалысқа барады.
Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve camp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті.
"Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 балаға 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап оты"р - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдайлар жасалған. Және ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған. Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.
Жаңалықтар
0