https://sputnik.kz/20240523/adam-papillomasy-virusyna-qarsy-vaktsina-satyp-aluga-97-mlrd-tengeden-astam-qarzhy-bolindi-44496332.html
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат... 23.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-23T08:42+0500
2024-05-23T08:42+0500
2024-05-23T08:42+0500
вакцина
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:317:3079:2048_1920x0_80_0_0_5df62dd3e1866c7f83c5ea90b1c35c0e.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.Ондағы мәліметтерге қарағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_f041e3dfee242cde0bd822b4c5f823aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, үкімет
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.
Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.
АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.