https://sputnik.kz/20240522/turki-investitsiyalyq-qory-oz-zhumysyn-bastady--qarzhy-alatyn-zhobalar-qanday-44474322.html
Түркі инвестициялық қоры өз жұмысын бастады – қаржы алатын жобалар қандай
Түркі инвестициялық қоры өз жұмысын бастады – қаржы алатын жобалар қандай
Sputnik Қазақстан
Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T11:00+0500
2024-05-22T11:00+0500
2024-05-22T11:00+0500
түркия
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44462547_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f5e29b28fc48aef0dea82f09ba620de1.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше Басқарушы елдер кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.Түркі инвестициялық қоры – түркі әлемі экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Қордың бастапқы капиталы - 500 млн доллар. Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету. Түркия қаржы министрлігінің болжамына сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орын алады. Сол кезде экономикалық үлесі $1,9 трлн-ға, ал халық саны 178 млн адамға жетедіүҚордың қаржысына бірқатар салаларда бірлескен жобаларға қолдау жасалады. Олар:"Мұндай жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы әртараптандыруға бағытталады. Қазақстанға түркі әлемінің белсенді қатысушысы болуға, жобалар үшін қаржыландыру, гранттар мен техникалық көмек алуға, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының өңірі аясында және одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.Айта кетері, кеңестің алғашқы отырысына премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қатысты. Ол Қазақстан тарапынан қордың басқарушылар кеңесінің өкілі болып кірді. Қордың құрылтайшы елдері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44462547_226:0:1666:1080_1920x0_80_0_0_82c7989bac91a4f5a6a1894b80c40ef8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, үкімет
Түркі инвестициялық қоры өз жұмысын бастады – қаржы алатын жобалар қандай
Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше Басқарушы елдер кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.
Түркі инвестициялық қоры – түркі әлемі экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Қордың бастапқы капиталы - 500 млн доллар. Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету. Түркия қаржы министрлігінің болжамына сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орын алады. Сол кезде экономикалық үлесі $1,9 трлн-ға, ал халық саны 178 млн адамға жетедіү
Қордың қаржысына бірқатар салаларда бірлескен жобаларға қолдау жасалады. Олар:
жаңартылатын энергия көздері;
ақпараттық технологиялар;
"Мұндай жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы әртараптандыруға бағытталады. Қазақстанға түркі әлемінің белсенді қатысушысы болуға, жобалар үшін қаржыландыру, гранттар мен техникалық көмек алуға, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының өңірі аясында және одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, кеңестің алғашқы отырысына премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қатысты. Ол Қазақстан тарапынан қордың басқарушылар кеңесінің өкілі болып кірді. Қордың құрылтайшы елдері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия.