https://sputnik.kz/20240522/qiragan-parta-tozgan-eden-talgar-audanyndagy-mektep-20-zhyldan-beri-zhondeu-kormegen-44481409.html
Қираған парта, тозған еден: Талғар ауданындағы мектеп 20 жылдан бері жөндеу көрмеген
Қираған парта, тозған еден: Талғар ауданындағы мектеп 20 жылдан бері жөндеу көрмеген
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта мектепте 1179 оқушы оқып жатыр. Негізінен 600 балаға арналған 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T14:52+0500
2024-05-22T14:52+0500
2024-05-22T14:52+0500
алматы облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44480362_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_40fcfc10918f154509c4e50b85c9b91b.jpg
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылында оқушылар қираған парталарда отырып білім алып жүр. Оқу ғимаратының жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Еркін ауылындағы мектеп 2004 жылы салынған, бірақ содан бері күрделі жөндеу көрмеген."Мектептің іші әбден тозып кеткен. Партаға отырған оқушының киімінің түте-түтесі шығады. Жақында жаңа бір директор келді, енді сол адам жөндейтін шығар деп үміттеніп жүрміз. Бұған дейін мектепке бір де бір күрделі жөндеу жасалғанын естіген де, көрген де емеспіз", - дейді Еркін ауылының тұрғындары.Мектептің еденіндегі төсеніші жырым-жырым, керегесі сапалы сылақ көрмеген.""2004 жылы беріліпті, содан бері күрделі жөндеу жасалмапты, ал ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Ауданнан бөлінген барлық бояуды барынша жеткізіп жөндеу жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта мектепте 1179 оқушы оқып жатыр. Негізінен 600 балаға арналған. Оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Көрші Айғаным, Көктал, осы Еркін ауылының балалары оқиды", - дейді Еркін ауылындағы орта мектептің директоры Қуаныш Ырысбеков.Мектептің материалдық-техникалық базасы жұтаң. Тіпті оқушы отыратын партаның өзі қирап біткен."Мектеп оқушыларына арналған ескі парта, орындықтарды ауыстыруға Алматы облысы бойынша білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданған, қаражат бөлінген жағдайда 2024-2025 оқу жылында ауыстырылады. Мектеп 2024-2025 оқу жылында газ жүйесіне қосылады", - дейді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова.Газ демекші, бұл мектеп 20 жыл бойы дизель отынымен жылыған. Оған жылына 50 мыңға жуық тонна дизель бөлінген.Мектептегі тағы бәр мәселе - бірнеше жылдап, тау болып үйілген мектептің құрал-жабдығы. Арнайы қойма болмағандықтан олар ашық аспан астында қоқыс болып үйіліп жатыр. Лақтырып жіберуге рұқсат жоқ, өйткені есептен шығарылмаған. Ұсқыны кеткен мектептің күйісін бұл қоқыс та одан әрі кетіріп тұр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44480362_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_1dd5bab853a2d824ce60aec183ccd52a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, мектеп
Қираған парта, тозған еден: Талғар ауданындағы мектеп 20 жылдан бері жөндеу көрмеген
Қазіргі уақытта мектепте 1179 оқушы оқып жатыр. Негізінен 600 балаға арналған
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылында оқушылар қираған парталарда отырып білім алып жүр. Оқу ғимаратының жағдайын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Еркін ауылындағы мектеп 2004 жылы салынған, бірақ содан бері күрделі жөндеу көрмеген.
"Мектептің іші әбден тозып кеткен. Партаға отырған оқушының киімінің түте-түтесі шығады. Жақында жаңа бір директор келді, енді сол адам жөндейтін шығар деп үміттеніп жүрміз. Бұған дейін мектепке бір де бір күрделі жөндеу жасалғанын естіген де, көрген де емеспіз", - дейді Еркін ауылының тұрғындары.
Мектептің еденіндегі төсеніші жырым-жырым, керегесі сапалы сылақ көрмеген.
""2004 жылы беріліпті, содан бері күрделі жөндеу жасалмапты, ал ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Ауданнан бөлінген барлық бояуды барынша жеткізіп жөндеу жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта мектепте 1179 оқушы оқып жатыр. Негізінен 600 балаға арналған. Оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Көрші Айғаным, Көктал, осы Еркін ауылының балалары оқиды", - дейді Еркін ауылындағы орта мектептің директоры Қуаныш Ырысбеков.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жұтаң. Тіпті оқушы отыратын партаның өзі қирап біткен.
"Мектеп оқушыларына арналған ескі парта, орындықтарды ауыстыруға Алматы облысы бойынша білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданған, қаражат бөлінген жағдайда 2024-2025 оқу жылында ауыстырылады. Мектеп 2024-2025 оқу жылында газ жүйесіне қосылады", - дейді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова.
Газ демекші, бұл мектеп 20 жыл бойы дизель отынымен жылыған. Оған жылына 50 мыңға жуық тонна дизель бөлінген.
Мектептегі тағы бәр мәселе - бірнеше жылдап, тау болып үйілген мектептің құрал-жабдығы. Арнайы қойма болмағандықтан олар ашық аспан астында қоқыс болып үйіліп жатыр. Лақтырып жіберуге рұқсат жоқ, өйткені есептен шығарылмаған. Ұсқыны кеткен мектептің күйісін бұл қоқыс та одан әрі кетіріп тұр.