Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстан тумасы арнайы әскери операцияға неліктен аттанғанын айтып берді

© Sputnik / Скрин видео Уроженец Казахстана, добровольцем ушедший на СВО
Уроженец Казахстана, добровольцем ушедший на СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Жазылу
Ол "Ахмат" батальонын ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етумен айналысады
АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Атам Ұлы Отан соғысында зұлымдыққа қарсы күресті, мен атамның жолымен жүруді жөн көрдім, дейді арнайы әскери операция аймағында Санакчи лақап атымен танымал Қазақстан тумасы.
Ол "Ахмат" батальонын ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етумен айналысады. Қазақстан тумасы жауынгер жолын "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы жасағынан бастаған, Артемовскті азат ету операциясына қатысқан.
"Бұл ата-бабаларымыздың рухына тағзым деуге болады. Атам 1941-1945 жылдар аралығында соғысты, Ұлы Отан соғысынан өтті, зұлымдыққа қарсы күресті. Мен атамның жолымен жүруді жөн көрдім", - дейді Санакчи.
Ол түрлі кескілескен шайқастарды еске алды. Соның бірі Артемовск маңында болған.
"Әрбір сантиметр жер үшін күрестік. Мейлінше қысқа мерзімде жаудың қорғанысына төпелеп шабуыл жасадық. Әбден әбігерге салдық. Сол кезде қарсы тараптағылар бізден қатты қорқатын", - дейді Санакчи.
Арнайы әскери операция барысында алған марапаттарының арасында "Ерлігі үшін" ордені, "Батылдық үшін" медалі, "ІІ дәрежелі Отанға сіңірген еңбегі үшін" ордені бар. Қазір тағы бірнеше марапат берілуі керек.
Ол қазір арнайы әскери операция аймағында "Ахмат" арнайы жасағының құрамында жауынгерлік міндеттерді орындауды жалғастырып жатыр.
Жаңалықтар
0