https://sputnik.kz/20240522/kanikul-kezinde-balalardyn-bos-uaqyty-men-demalysy-qalay-uyymdastyrylady---ministrlik-44466022.html
Каникул кезінде оқушылардың демалысы қалай ұйымдастырылады - министрлік
Каникул кезінде оқушылардың демалысы қалай ұйымдастырылады - министрлік
Sputnik Қазақстан
"Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T09:05+0500
2024-05-22T09:05+0500
2024-05-22T09:43+0500
каникул
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1e/17486289_0:110:1280:830_1920x0_80_0_0_7a0dfdf77e72c1f9aba03f73f4eb2023.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп күтілуде: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде. Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады: "Ұлы Дала кереметі", "Jas galym", "Гастро туризм", "Бір күн қалада", "Қонақжай отбасы" және басқалары, бұл демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Жаз маусымы қарсаңында министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1e/17486289_115:0:1280:874_1920x0_80_0_0_68d7e4641b8c9a27f213637b929fa811.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каникул, оқушы
Каникул кезінде оқушылардың демалысы қалай ұйымдастырылады - министрлік
09:05 22.05.2024 (жаңартылды: 09:43 22.05.2024) "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.
"Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі", - делінген хабарламада.
Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп күтілуде: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде.
Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады: "Ұлы Дала кереметі", "Jas galym", "Гастро туризм", "Бір күн қалада", "Қонақжай отбасы" және басқалары, бұл демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.
Жаз маусымы қарсаңында министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылады.