https://sputnik.kz/20240522/elimizde-kaspiy-itbalygynyn-populyatsiyasyn-saqtau-ushin-tabigi-rezervat-qurylady-44493227.html
Елімізде Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін табиғи резерват құрылады
Елімізде Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін табиғи резерват құрылады
Sputnik Қазақстан
Табиғи резерват Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында құрылады 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T21:47+0500
2024-05-22T21:47+0500
2024-05-22T21:47+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/1367/12/13671296_0:194:2048:1346_1920x0_80_0_0_142d2975644b6e56a7cb14a5b6a94282.jpg
АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Қазақстанда Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құрылады.Резерват құру туралы қаулы жобасын ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.Ол Каспий теңізінің акваториясында – Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында орналасады. Қорықтың жалпы ауданы – 109 558,04 га, күзет аймағының ауданы –69 839,62 га.Балық шаруашылығы комитетіне мемлекеттік табиғи-қорық қоры жерлерінің шекарасын белгілеу тапсырылды.Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілген, деп түсіндірді ауыл шаруашылығы министрлігі.Ведомствоның мәліметінше, бұл түрлердің биологиялық ерекшелігі – олардың мекендеу ортасының маусымдық өзгеруінде. Бұл ретте Каспий итбалықтарын өсіру үшін Солтүстік Каспий теңізінің қазақстандық және ресейлік секторларында ғана қалыптасатын мұз жамылғысы қажет. Осылайша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі бұл түрді сақтауда маңызды рөл атқарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1367/12/13671296_0:2:2048:1538_1920x0_80_0_0_d0540f4ff272d29e1341ef58e8be2d9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Елімізде Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін табиғи резерват құрылады
Табиғи резерват Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында құрылады
АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Қазақстанда Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құрылады.
Резерват құру туралы қаулы жобасын ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
Ол Каспий теңізінің акваториясында – Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында орналасады. Қорықтың жалпы ауданы – 109 558,04 га, күзет аймағының ауданы –69 839,62 га.
Балық шаруашылығы комитетіне мемлекеттік табиғи-қорық қоры жерлерінің шекарасын белгілеу тапсырылды.
Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілген, деп түсіндірді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл түрлердің биологиялық ерекшелігі – олардың мекендеу ортасының маусымдық өзгеруінде. Бұл ретте Каспий итбалықтарын өсіру үшін Солтүстік Каспий теңізінің қазақстандық және ресейлік секторларында ғана қалыптасатын мұз жамылғысы қажет. Осылайша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі бұл түрді сақтауда маңызды рөл атқарады.