https://sputnik.kz/20240522/buu-bas-khatshysy-antoniu-guterrish-astanaga-keledi-44491429.html
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Астанаға келеді
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Астанаға келеді
Sputnik Қазақстан
Ол 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T20:17+0500
2024-05-22T20:17+0500
2024-05-22T20:17+0500
бұұ
https://sputnik.kz/img/331/87/3318773_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3973b4d8f980a8eddcfcb80830acf289.jpg
АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.Бұл туралы ол Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесу барысында мәлімдеді. Айта кетейік Рахметуллин жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ретіндегі миссиясын аяқтады.СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бас хатшы оны министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның ортақ мақсаттарға қол жеткізуде бірлескен жұмысқа қосқан елеулі үлесін, сондай-ақ тұтастай алғанда ұйымның жұмысына қосқан үлесін атап өтті.Сонымен қатар, Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиімді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізетін мемлекет басшысы ретіндегі рөлін ерекше атап өтіп, Қазақстан "бейбітшілік" сөзімен үндесетінін айтты.Өз кезегінде Рахметуллин Қазақстанды жоғары деңгейде қолдағаны үшін Гутерриш алғысын білдірді, сондай-ақ бас хатшының бейбітшілік пен дамудың жаһандық мәселелеріне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/331/87/3318773_230:0:1670:1080_1920x0_80_0_0_a2f0ce5c3be986fd9d2c0a0f66069534.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Астанаға келеді
Ол 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.
Бұл туралы ол Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесу барысында мәлімдеді. Айта кетейік Рахметуллин жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ретіндегі миссиясын аяқтады.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бас хатшы оны министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның ортақ мақсаттарға қол жеткізуде бірлескен жұмысқа қосқан елеулі үлесін, сондай-ақ тұтастай алғанда ұйымның жұмысына қосқан үлесін атап өтті.
"Кездесу барысында БҰҰ бас хатшысы 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысатынын растады. Сапар бас хатшының Орталық Азия елдеріне сапары аясында өтеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиімді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізетін мемлекет басшысы ретіндегі рөлін ерекше атап өтіп, Қазақстан "бейбітшілік" сөзімен үндесетінін айтты.
Өз кезегінде Рахметуллин Қазақстанды жоғары деңгейде қолдағаны үшін Гутерриш алғысын білдірді, сондай-ақ бас хатшының бейбітшілік пен дамудың жаһандық мәселелеріне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.