Жетісу ипподромындағы жылқылар заңсыз сатылғаны рас па?
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
Ипподромға биыл облыстық бюджеттен 189 миллион теңге бөлінген
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Талдықорғандағы тәуелсіздік жылдарында ең алғаш ашылған ипподромдағы жылқылар аукционда заңсыз сатылды деген ақпарат тарады. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
22 мемлекеттің тәжірибесімен салынған Талдықорған ипподромының алғашқы іргетасы 2002 жылы қаланды. Өйткені сол жылы Алматы облысының орталығы Талдықорған болып өзгерді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Спорт және дене шынықтыруды дамыту туралы заң шықты. Ол заңның бір пункті ұлттық спортты дамыту туралы болды. Заңға сәйкес облыс орталықтарында ипподром салынсын деген тапсырма берілді. Облыс әкіміне бизнес жоспарымды ұсынып едім, ол кісі қолдады. Содан облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс 2004 жылы аяқталды. Құрылыс кезең-кезеңімен жүргізілді. Арасында бәйгелер өтіп тұрды", - дейді "Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры Талғат Күлебаев.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
Халықаралық стандартқа сай салынуы керек болғандықтан мұнда ат спортына керекті құрылыстың бәрі жүргізілген: ат қора, ветеринарлық пункт, тағысы тағы.
"Ол кезде қала әкімі Жылқайдаров болған, қала маңынан 69 гектар жер бөліп берді. Бұл ипподрамда ең ауқымды шаралар өткізілді. Жылына ең аз деген 5-7 үлкен бәйге өтетін. Шетелде талай ипподромды көрдім, бір ғана Кореяның Сеул қаласында 22 ипподром бар екен. Өзімізде неге дамытпасқа деп кіріскен едік. Облыс, қала басшыларымен, министрлікке қарасты спорт комитетімен бірігіп қолға алған едік", - дейді Талғат Күлебаев.
Ипподром сол кезде ат спортының дамуынде елеулі орын алған. Жылына кем дегенде 1500-ден көп тұлпар сынақтан өтіп, ат зауыттыра ашыла бастайды. Тіпті атбегі біткен асыл тұқымды ат өсіреуге ден қойған.
"2018 жылғы жекешелендіру саясатына байланысты облыстық ипподром сатылымға қойылды. Үш мәрте сатылды. Арзанға сатылып кететін болғандықтан облыс әкімі, спорт комитеті, басқарма, федерация ипподромды сақтап қалуға әрекет етті. Қайта сатылып кетпес үшін ұлттық спорт түрлерінен мектеп ашуға тура келді", - дейді спорт мектебінің директоры.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
Тәуелсіздік жылдарында ең алғашқы лицензияны алған тарихи ипподромды аман алып қалудың бір ғана жолы ұлттық спорт мектебін ашу болған.
"Бұндай мектептер басқа облыста да ашыла бастады. Біз 2018 жылы ұлттық спорт түрлері мектебін аштық, ол спорттың 9 түрін оқытатын болды. Облыстың аудандарында ауыл-ауыл жерлерде мектепке оқушылар қабылдай бастадық. Оған облыстық бюджеттен ақша бөлініп, біртіндеп материалдық-техникалық база нығайтылды. Қазіргі таңда 340 бала ұлттық спорттың 7 түрінен білім алып жатыр. Нәтижесі жаман емес, ашылғалы бес жылда қазақша күрес пен құсбегіліктен жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ облыстың екіге бөлінуіне байланысты жақсы тәрбиеленген балалар Алматы облысының кейбір аудандарында қалып қойды", - дейді ол.
Ипподромға биыл облыстық бюджеттен 189 миллион теңге бөлінген. Оның 20 миллионы спорт мектебінің оқушыларының іс-сапарларына арналған. Десе де, бұл мекемені бірнеше рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура тексерген.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Прокуратура, антикор тарапынан тексерістер болды. Біздің мекемемізде заң бұзушылық тіркелмеді. Жылқыларды заңсыз аукционға салды деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бәрі заңды. Алғаш ипподром құрылғанда 5 жылқы болған, оның саны 55-ке жетті. Саны бар, сапасы жоқ, кәдеге жарамайтын кәрі жылқылар сатылды. Ол аттарға облыстық бюджеттен ақша бөлінеді, сол себепті бюджетті үнемдеу мақсатында есептен шығарылды. Оның қаражаты облыс бюджетіне салынды", - дейді Күлебаев.
Талай атбегінің делебесін қоздырған ипподромның алғашқы жылдардағыдай дәурені жүріп тұрған жоқ, бірақ ағымдағы жеңіл жөндеу жұмыстары жасалып тұрады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Ипподром 20 жыл жұмыс істемеген соң атбегілер облыс әкіміне хат жазып, нәтижесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қазір жағдайы жаман емес, әкімшілік ғимараттан басқаларының бәрін жөндедік", - дейді ипподром директоры.
Үш рет жекеменшікке сатылып кете сақтап, әупірімдеп аман қалған ипподром енді мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемеге айналғалы жатыр. Ондағы мақсат – қаржылық қызмет көрсетуге құқы болады, дейді спорт басқармасының мамандары.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖетісу облысындағы ипподром
Жетісу облысындағы ипподром
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Жетісу ұлттық спорт клубы бар. Ол коммуналдық қазыналық мекеме, сол клубқа ипподромды берсек деп отырмыз. Сол кезде ипподром ақылы қызмет көрсете алатын еді. Мысалы Алматының ипподромы сондай, атпен серуендеу, жарыс өткізу қызметін ақылы жасаса ипподром біраз тиын тебенін өздері тауып алатын еді", - дейді Жетісу облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев.