https://sputnik.kz/20240521/turkistan-oblysynda-zhana-su-unemdeu-tekhnologiyalary-engizilip-zhatyr-44444436.html
Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр
Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында "BNK Group" БНК компаниясы америкалық "Nelson Irrigation" компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды... 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-21T14:40+0500
2024-05-21T14:40+0500
2024-05-21T14:40+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44444271_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_698d46fb6c1523d52f7c8101be733200.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында "BNK Group" БНК компаниясы америкалық "Nelson Irrigation" компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты.Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Алайда бүгінгі таңда компания ҚР резиденті ретінде күшті салық жүктемесіне тап болып отыр. Кәсіпорын директоры Ниязали Бейсенбаевтың айтуынша, нарықта ұсынылған шетелдік компаниялардың бұл тұрғыда бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы, ҚР резиденті емес компаниямен жасалатын келісімшарттардың көпшілігі ҚҚС және басқа да мемлекеттік баж салықтарынан босатылды.Шаға ауылдық округіндегі өндірісті аралаған вице-премьер Серік Жұманғарин осы мәселені шешуді тапсырды.Екінші ірі өнеркәсіп нысаны – мақта-тоқыма кластері. Бұл қытайлық "Lihua Spinning Technology Co., Ltd" компаниясы кеңесші ретінде тартылған "Түркістан"ӘКК мен "Алтын дала мақта" ЖШС бірлескен жобасы.Кәсіпорын облыста алғаш рет тамшылатып суару жүйелерін орнатып, 1 мың гектардан астам аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымын септі.Мұнда жергілікті тұрғындар арасынан 50-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.Кезең-кезеңмен пластикалық құбырлар, тамшылатып суару жүйелері, мақта өңдеу бойынша екі зауыт, иіру, тоқу фабрикалары және кластердің басқа да жоспарланған объектілерін өндіретін зауытты пайдалануға бере отырып, кәсіпорын 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, ал қазақстандықтарды – жоғары сапалы маталармен және тоқыма өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44444271_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_a6615ede414f9a6b89f52d4a2252ed5d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында "BNK Group" БНК компаниясы америкалық "Nelson Irrigation" компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты.
Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бұл Қазақстанда су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі және көп миллиардтық инвестициялық жоба", - делінген хабарламада.
Алайда бүгінгі таңда компания ҚР резиденті ретінде күшті салық жүктемесіне тап болып отыр. Кәсіпорын директоры Ниязали Бейсенбаевтың айтуынша, нарықта ұсынылған шетелдік компаниялардың бұл тұрғыда бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы, ҚР резиденті емес компаниямен жасалатын келісімшарттардың көпшілігі ҚҚС және басқа да мемлекеттік баж салықтарынан босатылды.
Шаға ауылдық округіндегі өндірісті аралаған вице-премьер Серік Жұманғарин осы мәселені шешуді тапсырды.
"Қазақстанға өз өндірісіндегі жаңбырлатқыш машиналар қажет екені сөзсіз. Біз отандық өндірушіге басқа өңірлерде су үнемдеу технологияларын енгізу үшін техника сатып алу бөлігінде қолдау көрсетеміз. ҚҚС төлеуге келетін болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігіне Астанаға оралғаннан кейін бұл мәселені тезірек шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органмен кеңес өткізуді тапсырамын", — деп жауап берді кәсіпорын директорына Серік Жұманғарин.
Екінші ірі өнеркәсіп нысаны – мақта-тоқыма кластері. Бұл қытайлық "Lihua Spinning Technology Co., Ltd" компаниясы кеңесші ретінде тартылған "Түркістан"ӘКК мен "Алтын дала мақта" ЖШС бірлескен жобасы.
Кәсіпорын облыста алғаш рет тамшылатып суару жүйелерін орнатып, 1 мың гектардан астам аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымын септі.
Мұнда жергілікті тұрғындар арасынан 50-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.
Кезең-кезеңмен пластикалық құбырлар, тамшылатып суару жүйелері, мақта өңдеу бойынша екі зауыт, иіру, тоқу фабрикалары және кластердің басқа да жоспарланған объектілерін өндіретін зауытты пайдалануға бере отырып, кәсіпорын 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, ал қазақстандықтарды – жоғары сапалы маталармен және тоқыма өнімдерімен қамтамасыз етеді.