Шымкент әкімдігі инвестордың құқығын бұзған – прокуратура

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Шымкент әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, бір жыл бойы инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермеген, деп хабарлады қалалық прокуратура.
"Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторға жер учаскесін беру мәселесі келісілді, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.
Инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды, ол Шымкент қаласы прокуратурасы басшылығының бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, инвесторлардың өтінішіне жедел шара қолдану мақсатында қала прокуратурасының алаңында фронт-офис құрылып, мобильді топ тәулік бойы жұмыс істеп жатыр (байланыс телефоны 8-707-615-00-10).
Жаңалықтар
0