https://sputnik.kz/20240521/prezident-mangystau-oblysynyn-zhana-akimine-birqatar-tapsyrma-berdi-44458664.html
Президент Маңғыстау облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
Президент Маңғыстау облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-21T19:20+0500
2024-05-21T19:20+0500
2024-05-21T19:20+0500
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44458056_265:0:1280:571_1920x0_80_0_0_e9ee43db116a4a3ebadc64db56123ee6.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді.Атап айтқанда, өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды.Сондай-ақ туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс.Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және "Каспий жылу, су арнасы" кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсырылды.Сондай-ақ өңірдегі су тапшылығын жою үшін "Каспий" су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен қосымша сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет.Еске сала кетейік, Нұрдәулет Қилыбай өткен аптада ғана Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44458056_519:0:1280:571_1920x0_80_0_0_eac0dcbce468a369a21a814472bd8d43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді.
Атап айтқанда, өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды.
Сондай-ақ туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс.
Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.
Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және "Каспий жылу, су арнасы" кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсырылды.
Сондай-ақ өңірдегі су тапшылығын жою үшін "Каспий" су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен қосымша сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет.
Еске сала кетейік, Нұрдәулет Қилыбай өткен аптада ғана Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді