Өңделген өнімдер экспортын 41 млрд долларға жеткізу қажет – Бектенов

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
Қызмет көрсету экспортының көлемі былтыр 30%-ға өскен, ал шикізаттық емес тауарлардың экспорты керісінше 5,7%-ға төмендеп кеткен
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Шикізаттық емес экспортты дамытуда жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортына баса мән беру керек. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Оның пікірінше, экономиканы әртараптандыру мәселесі бірінші кезекте шикізаттық емес экспорт көлемін арттыруға тікелей байланысты.

"Былтыр экспорттың оң өсімі тіркелді. Нысаналы индикатор 3%-ға асыра орындалды. Биыл одан да жоғары көрсеткішті, яғни экспорт деңгейін $37,7 млрд-қа дейін жеткізу міндеті тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін $41 млрд-қа дейін жеткізу қажет", - деді Бектенов үкімет отырысында.

Ол қызмет көрсету экспортының көлемі орнықты өсіп келе жатқанын – былтыр шамамен 30%-ға өскенін, ал шикізаттық емес тауарлардың экспорты керісінше 5,7%-ға төмендеп кеткенін атап өтті.
"Сонымен қатар тауарлар импорты 21,5%-ға артқан. Көріп отырғандай, айырмашылық 2 еседен асады, бұл сауда балансына теріс әсер етеді. Сондықтан жоғары деңгейде өңделген тауарлардың өндірісі мен экспортын ұлғайту қажет", - деп толықтырды премьер-министр.
Оның айтуынша, ол үшін перспектива мен мүмкіндік жеткілікті. Сақтандыру, қаржылық, сервистік сияқты қолдау құралдарының 20-дан астам түрі бар. Оларды тиімді пайдаланып, бизнес-қоғамдастыққа осы шаралар туралы үнемі ақпарат жеткізіп тұру қажет.
Жаңалықтар
0