Кәсіпкер қиын жағдайдағы балаларға нанды 354 теңгеден сатқан

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Алматы облысында қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына нанды екі есе қымбат бағаға сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
120-дан астам кәмелетке толмаған бала тұратын орталыққа азық-түлікті жергілікті кәсіпкер әкеліп жүрген. Ол нанды 140 теңгеден сатып алып, балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) сатқан.
Бұдан бөлек, қарақұмық жармасын – 145 процентке (келісін 281 теңгеге алып, 687 теңгеге сатқан), күнбағыс майын – 63 процентке (келісін 600 теңгеге алып, 977 теңгеге сатқан), ал қантты 38 процентке (келісін 350 теңгеге алып, 480 теңгеге сатқан) артық бағаға жеткізген.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметті маңызы бар азық-түлік үстемеақысы 15%-дан аспауға тиіс. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды", - дейді агенттік мамандары.
Сондай-ақ облыстағы бірқатар балабақшаға тауар жеткізетін кәсіпкерлер қосымша келісімдер жасалды. Олар да азық-түлікті сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендетуге міндеттелді.
Жаңалықтар
0