https://sputnik.kz/20240521/iri-kompaniyalar-tasqynynan-zardap-shekkenderge-uy-saluga-komektesedi-44422500.html
"Алдағы 3 айда жұмыстар бітеді": Бозымбаев су басқан саяжайларды аралады
"Алдағы 3 айда жұмыстар бітеді": Бозымбаев су басқан саяжайларды аралады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Ірі компаниялар Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді. 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-21T09:02+0500
2024-05-21T09:02+0500
2024-05-21T09:17+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:366:2737:1905_1920x0_80_0_0_ab8d5a5bffb538312aaa868df040bb12.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Ірі компаниялар Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді.Вице-премьер Қанат Бозымбаев кәсіпкерлермен бірге Орал қаласының су басқан саяжай массивтерін аралады.Тасқын салдарынан баспанасыз қалған тұрғындармен кездесті. Ол үйлер мен саяжайларды бағалау және техникалық тексеру айдың соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлады 24.kz.Қазір 8,5 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бес ауданда 357 үйдің құрылысы басталды. Мәселен, Сырым ауданында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 114 үйдің құрылысын "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырады. Ал 75 үйді жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялар салады. "5,5 млрд теңге бөлініп жатыр. Бұл қаржыны тасқыннан зардап шеккендерге үй сатып алуға жұмсаймыз. Қазір Орал қаласындағы нарықты зерттеп жатырмыз. 200-дей пәтер біздің сұранысқа сай келеді. Қосымша нұсқа ретінде тағы 60 пәтерді таңдап қойдық. Дайын баспананы сатып алу үй салғаннан әлдеқайда тез болады. Әсіресе көпбалалы отбасыларды қолайсыз жағдайда қалдыруға болмайды", - деп түсіндірді "Банк ЦентрКредит" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Владимиров
https://sputnik.kz/20240520/tasqynnyn-ekinshi-tolqyny-eldegi-su-qoymalarynyn-qazirgi-zhagdayy-44416831.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23909919_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_badb658716e4935fcb784ad5f5ef2c56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
"Алдағы 3 айда жұмыстар бітеді": Бозымбаев су басқан саяжайларды аралады
09:02 21.05.2024 (жаңартылды: 09:17 21.05.2024) АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Ірі компаниялар Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев кәсіпкерлермен бірге Орал қаласының су басқан саяжай массивтерін аралады.
Тасқын салдарынан баспанасыз қалған тұрғындармен кездесті. Ол үйлер мен саяжайларды бағалау және техникалық тексеру айдың соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлады
24.kz.Қазір 8,5 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бес ауданда 357 үйдің құрылысы басталды. Мәселен, Сырым ауданында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 114 үйдің құрылысын "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырады. Ал 75 үйді жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялар салады.
"Кімнің үйі апатты ден танылған, оған пәтер салуға немесе сатып алуға көмектесеміз. Баспана көлемі 80 шаршы метр шамасында болады. Тиісті қаражат бар. Алдағы 3 ай ішінде жұмыстар бітеді деп ойлаймын", - деді Бозымбаев.
"5,5 млрд теңге бөлініп жатыр. Бұл қаржыны тасқыннан зардап шеккендерге үй сатып алуға жұмсаймыз. Қазір Орал қаласындағы нарықты зерттеп жатырмыз. 200-дей пәтер біздің сұранысқа сай келеді. Қосымша нұсқа ретінде тағы 60 пәтерді таңдап қойдық. Дайын баспананы сатып алу үй салғаннан әлдеқайда тез болады. Әсіресе көпбалалы отбасыларды қолайсыз жағдайда қалдыруға болмайды", - деп түсіндірді "Банк ЦентрКредит" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Владимиров