https://sputnik.kz/20240521/balkonda-ilinip-turgan-astanada-mektep-oqushysy-bes-zhasar-balany-aman-alyp-qaldy-44460417.html
Балконда ілініп тұрған: Астанада мектеп оқушысы бес жасар баланы аман алып қалды
Балконда ілініп тұрған: Астанада мектеп оқушысы бес жасар баланы аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
7 сынып оқушысы Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-21T21:19+0500
2024-05-21T21:19+0500
2024-05-21T21:19+0500
астана
оқушы
балкон
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44459933_0:0:567:320_1920x0_80_0_0_ee46479ffa4c3dc0a876fc3c413adaf3.png
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды.20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігін айтты.Sputnik Қазақстан тілшісі Ақанның өзімен және отбасымен сөйлесті. Анасының айтуынша, Ақан туылғанда әлжуаз болғанымен, өсе келе балабақшада белсенді бала болып өскен. Би де билейтін, ән де салатын. "Қазір мінезі ауыр, ұстамды. Үйдің бар тірлігіне көмектеседі, тіпті тамақ та жасайды", - дейді анасы Зухра Әкімжанова. Ақанның үш інісі мен қарындасы бар. "Төрт ұл бір қызым бар. Бір-бірін бағып, жетектеп өсіп келеді. Ақанның інісі онсыз сабақ оқымайды, ағасын күтіп отырады. Үйде мысығы бар, сол мысыққа дейін Ақан қамқор", - дейді анасы. Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді. "Бүлдіршін 4 қабаттан құлағалы тұрды. Мен сумкамды тастай салып жүгірдім. Ол қонаққа келіпті. Анасын іздеп балконға шығып кетіпті. Баланы құтқарған соң ата-анасы келіп менімен сөйлесті", - дейді Ақан Әкімжанов.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44459933_0:0:567:426_1920x0_80_0_0_ce45f4498fe4893d2566ed6f0e00be6a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
астана, оқушы, балкон
Балконда ілініп тұрған: Астанада мектеп оқушысы бес жасар баланы аман алып қалды
7 сынып оқушысы Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.
Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігін айтты.
Sputnik Қазақстан тілшісі Ақанның өзімен және отбасымен сөйлесті.
Анасының айтуынша, Ақан туылғанда әлжуаз болғанымен, өсе келе балабақшада белсенді бала болып өскен. Би де билейтін, ән де салатын.
"Қазір мінезі ауыр, ұстамды. Үйдің бар тірлігіне көмектеседі, тіпті тамақ та жасайды", - дейді анасы Зухра Әкімжанова.
Ақанның үш інісі мен қарындасы бар.
"Төрт ұл бір қызым бар. Бір-бірін бағып, жетектеп өсіп келеді. Ақанның інісі онсыз сабақ оқымайды, ағасын күтіп отырады. Үйде мысығы бар, сол мысыққа дейін Ақан қамқор", - дейді анасы.
Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
"Бүлдіршін 4 қабаттан құлағалы тұрды. Мен сумкамды тастай салып жүгірдім. Ол қонаққа келіпті. Анасын іздеп балконға шығып кетіпті. Баланы құтқарған соң ата-анасы келіп менімен сөйлесті", - дейді Ақан Әкімжанов.