АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі басталды.Отырыс аясында ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушыларды бірлескен суретке түсіру, қорытынды құжаттарға қол қою рәсімі және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Миннің баспасөзге мәлімдемесі жоспарланған.Бір күн бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.Кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимыл талқыланды.Сондай-ақ ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлері кеңесі қарсаңында Астанада Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Ван И кездесті.Кездесуде дипломатиялық ведомстволардың басшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесулері барысында қол жеткен келісімдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің Бейжіңге жақында жасаған ресми сапарына ерекше назар аударылды.Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері ауыл шаруашылығы және инновациялар саласындағы консультативтік-кеңесші органдарды құру туралы хаттамаға қол қойды.Қазақстан 2023-2024 жылдар аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Ұйым басшыларының саммиті 3-4 шілдеде Астанада өтеді деп жоспарланған.Бүгінгі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан (2017 жылдан ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі), Үндістан (2017 жылдан ШЫҰ толыққанды мүшесі), Иран (2022 жылдың қыркүйегінен бастап ШЫҰ толыққанды мүшесі) кіреді. Беларусь толыққанды мүшелікке үміткер мемлекет.
Кездесуде ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің алдағы саммитіне дайындық мәселелері талқыланады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі басталды.
Отырыс аясында ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушыларды бірлескен суретке түсіру, қорытынды құжаттарға қол қою рәсімі және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Миннің баспасөзге мәлімдемесі жоспарланған.
Бір күн бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Сондай-ақ ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлері кеңесі қарсаңында Астанада Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Ван И кездесті.
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері бас қосты
Кездесуде дипломатиялық ведомстволардың басшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесулері барысында қол жеткен келісімдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің Бейжіңге жақында жасаған ресми сапарына ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері ауыл шаруашылығы және инновациялар саласындағы консультативтік-кеңесші органдарды құру туралы хаттамаға қол қойды.
Қазақстан 2023-2024 жылдар аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Ұйым басшыларының саммиті 3-4 шілдеде Астанада өтеді деп жоспарланған.
Бүгінгі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан (2017 жылдан ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі), Үндістан (2017 жылдан ШЫҰ толыққанды мүшесі), Иран (2022 жылдың қыркүйегінен бастап ШЫҰ толыққанды мүшесі) кіреді. Беларусь толыққанды мүшелікке үміткер мемлекет.