https://sputnik.kz/20240520/zhyl-sayyn-qyz-alyp-qashuga-qatysty-20-ga-zhuyq-qylmystyq-is-qozgalady-44391089.html
Жыл сайын қыз алып қашуға қатысты 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалады
Жыл сайын қыз алып қашуға қатысты 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалады
Sputnik Қазақстан
2019 жылдан бері 214 қылмыстық іс қозғалып, оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды 20.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-20T08:00+0500
2024-05-20T08:00+0500
2024-05-20T08:00+0500
қыз алып қашу
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қыз ұрлау фактісі азаймай тұр, деп хабарлады Ranking.kz.Кейінгі бес жылда ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша жыл сайын орта есеппен 20-ға жуық қылмыстық іс тіркелді.Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылы елде осындай 18 қылмыстық іс тіркелген. Олардың үштен екісі немесе 12 іс оңтүстік өңірлерде, оның алтауы Алматыда болған. Ал екі жағдай елдің шығысында, батысында және орталығында тіркелді.Бірақ қызды күйеу жігіттің үйінде мәжбүрлеп ұстап, бас бостандығынан айыру фактісі айтарлықтай төмендеген: 2018 жылдан бері 71-ден 13 оқиғаға дейін азайды.Қызды некеге тұру мақсатында ұрлауға қатысты нақты статистика жоқ, өйткені бұл әрекеттер жасырын қалады.2019 жылдан бері Қазақстанда қыз ұрлағаны үшін 214 қылмыстық іс қозғалған. Оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Соттарға тек 10 іс жіберілді. 27 адам жауапқа тартылды.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Қылмыстық кодексіне әйелдерді мәжбүрлеп некеге тұру мақсатында ұрлағаны үшін жеке бап енгізу қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл ескерту қылмыс деңгейін төмендетуге тиіс. Бас прокуратура бастаманы қолдады. Бірақ әзірге заңдарға түзету қабылданған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыз алып қашу, қылмыстық іс
қыз алып қашу, қылмыстық іс
Жыл сайын қыз алып қашуға қатысты 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалады
2019 жылдан бері 214 қылмыстық іс қозғалып, оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қыз ұрлау фактісі азаймай тұр, деп хабарлады
Ranking.kz. Кейінгі бес жылда ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша жыл сайын орта есеппен 20-ға жуық қылмыстық іс тіркелді.
Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылы елде осындай 18 қылмыстық іс тіркелген. Олардың үштен екісі немесе 12 іс оңтүстік өңірлерде, оның алтауы Алматыда болған. Ал екі жағдай елдің шығысында, батысында және орталығында тіркелді.
Бірақ қызды күйеу жігіттің үйінде мәжбүрлеп ұстап, бас бостандығынан айыру фактісі айтарлықтай төмендеген: 2018 жылдан бері 71-ден 13 оқиғаға дейін азайды.
Қызды некеге тұру мақсатында ұрлауға қатысты нақты статистика жоқ, өйткені бұл әрекеттер жасырын қалады.
2019 жылдан бері Қазақстанда қыз ұрлағаны үшін 214 қылмыстық іс қозғалған. Оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Соттарға тек 10 іс жіберілді. 27 адам жауапқа тартылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Қылмыстық кодексіне әйелдерді мәжбүрлеп некеге тұру мақсатында ұрлағаны үшін жеке бап енгізу қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл ескерту қылмыс деңгейін төмендетуге тиіс. Бас прокуратура бастаманы қолдады. Бірақ әзірге заңдарға түзету қабылданған жоқ.