Зейнетақы мөлшерін анықтау мен төлеудің жаңа ережесі әзірленді

© Photo : pixabay/ds_30Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото
Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
Жаңа ережеге сәйкес, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кем дегенде 60 ай аударылуы шарт
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және төлеу ережесін әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрлікке сілтеме жасап.
Биылдан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады. Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі. Барлық ақша бөлек есепшотта жиналады.
Ал министрліктің жаңа қаулысына сәйкес, осы жарналардың есебінен берілетін зейнетақының мөлшері мен оны тағайындау тәртібі бекітіледі.
Жаңа ережеге сәйкес, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кем дегенде 60 ай аударылуы шарт. Оны мына адамдар ала алады:
зейнеткерлік жасқа жеткен (63/61 жас);
мүгедіктігі мерзімсіз белгіленген жағдайда I және II топ мүгедектігі бар адамдар;
Осы зейнетақы төлемдері де өмір бойы беріледі және адам қайтыс болған немесе Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.
Жаңалықтар
0