Үрейге салынбай, ғимараттан шығу керек: Алматыда ертең оқу-жаттығу өтеді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы келбеті
Алматы келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда 21 мамырда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті
Ведомствоның мәліметінше, сағат 10:00-де қала бойынша сирена қосылады.
"Назар аударыңыздар!" электр сигналдары қосылатын оқу-жаттығу тексерісі тұрғындарға ескерту жүйесінің техникалық дайындығы және сейсмикалық дайындықтың басталғаны туралы ақпарат береді", - делінген хабарламада.
Сиреналық дыбыстық қондырғылар іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп шоғырланатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау арқылы сейсмикалық дайындық жүргізіледі.
"Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті үрейленбеуді, ғимараттардан (пәтерлерден, үйлерден, тұрақты демалыс орындарынан) эвакуациялау элементін тәжірибеден өткізуге қатысуды сұрайды", - деп толықтырды департамент.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қалада баспанасыз қалған "зардап шеккен" тұрғындар барлық 384 пунктке орналастырылады.
Жаңалықтар
0