https://sputnik.kz/20240520/ukrainada-elektr-quatynyn-bagasy-kurt-osti-44404750.html
Украинада электр қуатының бағасы күрт өсті
Украинада электр қуатының бағасы күрт өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Украинада коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда 12,9%-ға, электр қуатының бағасы 70%-ға дерлік қымбаттады. Бұл туралы... 20.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-20T13:30+0500
2024-05-20T13:30+0500
2024-05-20T13:30+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696626_0:0:3132:1762_1920x0_80_0_0_313e7be8131289a7540f3a7a89729a07.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Украинада коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда 12,9%-ға, электр қуатының бағасы 70%-ға дерлік қымбаттады. Бұл туралы Украинаның мемлекеттік статистика мекемесі жариялаған, деп хабарлады РИА Новости.Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Кучеренко 9 мамырда Украина үкіметі ел тұрғындары үшін электр қуатының бағасын бір жарым есеге көтеруге дайындалып жатқанын, болжам бойынша, 1 маусымда тарифтер көтерілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұған дейін Украина Ұлттық банкі энергетика саласындағы күрделі жағдайға байланысты тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясы тарифі күрт көтерілетінін хабарлаған.Қаңтар айында Жоғарғы Раданың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі Сергей Нагорняк Вашингтон ұсынған реформалар тізімі аясында 2024 жылы Украина халқы үшін электр энергиясының тарифтері екі есеге өсетінін мәлімдеді.Қаңтар айының басында Украина министрлер кабинеті 2022 жылдың наурызында енгізілген электр қуатын өшіруге және коммуналдық қарыздар үшін өсімпұл алуға мораторийдің күшін жойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696626_189:0:2920:2048_1920x0_80_0_0_94d22eed40f83603b152ebf308746483.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Украинада электр қуатының бағасы күрт өсті
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Украинада коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда 12,9%-ға, электр қуатының бағасы 70%-ға дерлік қымбаттады. Бұл туралы Украинаның мемлекеттік статистика мекемесі жариялаған, деп хабарлады РИА Новости.
Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Кучеренко 9 мамырда Украина үкіметі ел тұрғындары үшін электр қуатының бағасын бір жарым есеге көтеруге дайындалып жатқанын, болжам бойынша, 1 маусымда тарифтер көтерілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұған дейін Украина Ұлттық банкі энергетика саласындағы күрделі жағдайға байланысты тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясы тарифі күрт көтерілетінін хабарлаған.
"Украинада бір жыл ішінде, яғни, 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың сәуіріне дейін тарифтер жалпы алғанда 12,9%-ға қымбаттады", - делінген украиналық "Обозреватель" басылымының сайтында жарияланған хабарламада.
Қаңтар айында Жоғарғы Раданың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі Сергей Нагорняк Вашингтон ұсынған реформалар тізімі аясында 2024 жылы Украина халқы үшін электр энергиясының тарифтері екі есеге өсетінін мәлімдеді.
Қаңтар айының басында Украина министрлер кабинеті 2022 жылдың наурызында енгізілген электр қуатын өшіруге және коммуналдық қарыздар үшін өсімпұл алуға мораторийдің күшін жойды.