https://sputnik.kz/20240520/qytay-sim-basshysy-qazaqstan-turaly-manyzdy-korshi-ari-basym-seriktes-44415763.html
Қытай СІМ басшысы Қазақстан туралы: маңызды көрші әрі басым серіктес
Қытай СІМ басшысы Қазақстан туралы: маңызды көрші әрі басым серіктес
Sputnik Қазақстан
Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты 20.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-20T20:41+0500
2024-05-20T20:41+0500
2024-05-20T20:41+0500
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/05/14/44411257_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7d37a19c27d6546a5f7cddf409b6df42.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізді. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Министрлер елдер арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалог дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері, сондай-ақ ҚР СІМ басшысының жақында Бейжіңге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.Көшбасшыларымыздың жеке байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамуының локомотиві деп толықтырды ҚР СІМ басшысы.Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және Қазақстаннан Қытайға шикізаттық емес экспортты арттыруға ерекше назар аударды. Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия-Қытай" форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары мемлекеттер арасындағы берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарының негізі дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыстар екенін атап өтті. Өзара визасыз режим және жалғасып жатқан "Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы" іскерлік және адами байланыстарды жандандыруға және нығайтуға, сондай-ақ туристік ағымның өзара өсуіне үлкен серпін берді. Тараптар қазақ-қытай қарым-қатынастарының векторы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластық рухында қарқынды даму көрсетіп отырғанын атап өтті, сондай-ақ екі ел халықтарының мүдделері үшін нәтижелі және тығыз жұмысты жалғастыру үшін барынша күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/14/44411257_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_bfdb74d40ce9c08545784c09d9ad2386.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан
Қытай СІМ басшысы Қазақстан туралы: маңызды көрші әрі басым серіктес
Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Министрлер елдер арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалог дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері, сондай-ақ ҚР СІМ басшысының жақында Бейжіңге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.
"Қазақстан Қытаймен тату көршілікті, достықты және мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға басымдық береді. Бұл халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне толық сай келеді, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа септігін тигізеді", – деп мәлімдеді Нұртілеу.
Көшбасшыларымыздың жеке байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамуының локомотиві деп толықтырды ҚР СІМ басшысы.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және Қазақстаннан Қытайға шикізаттық емес экспортты арттыруға ерекше назар аударды.
Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия-Қытай" форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
"Қазақстан – Қытай үшін маңызды көрші әрі басым серіктес. Біз қазақстандық тараппен стратегиялық үйлестіруді және тығыз байланыстарды одан әрі нығайтуға дайынбыз", – деп атап өтті ҚХР СІМ басшысы.
Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары мемлекеттер арасындағы берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарының негізі дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыстар екенін атап өтті. Өзара визасыз режим және жалғасып жатқан "Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы" іскерлік және адами байланыстарды жандандыруға және нығайтуға, сондай-ақ туристік ағымның өзара өсуіне үлкен серпін берді.
Тараптар қазақ-қытай қарым-қатынастарының векторы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластық рухында қарқынды даму көрсетіп отырғанын атап өтті, сондай-ақ екі ел халықтарының мүдделері үшін нәтижелі және тығыз жұмысты жалғастыру үшін барынша күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді.