Қазақстан және Ресей СІМ басшылары хаттамаға қол қойды

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаМурат Нуртлеу встретился с Сергеем Лавровым
Мурат Нуртлеу встретился с Сергеем Лавровым - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді.
Кездесу барысында министрлер 2000 жылғы 9 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының Астрахан қаласында ҚР консулдығын және Қазақстан Республикасының Орал қаласында РФ консулдығын ашу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.
Тараптар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қолғабыс көрсету мақсатында сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Жаңалықтар
0