Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 85 пайызға артты

© AFP 2024 / Manan VatsyayanaПродавец с фруктами на велосипеде в Ханое
Продавец с фруктами на велосипеде в Ханое  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
Алдағы уақытта Вьетнам нарығына астық, ұн, макарон, ет, сүт жеткізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 85 пайызға артты. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Алдағы уақытта Вьетнам нарығына астық, бидай ұны, макарон, ет, сүт, жарма және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзге де түрлерін жеткізу жоспарда бар", - деді министр.
Бұл мәселе елордада өткен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-отырысында қаралды.
Елімізде металлургия, мұнай-химия, машина жасау салалары, химия, тамақ өнеркәсіптері қарқынды даму үстінде.
Кездесу барысында тараптар әлеуетті экспорттық өнімдердің тізімдерімен алмасуға және Қазақстан-Вьетнам іскерлік кеңесін құруға, Қазақстанда Вьетнамның сауда өкілдігін ашу туралы мәселені қарауға уағдаласты
Жаңалықтар
0