Ұлытау облысында инженерлік желілер салуға 5 млрд теңге бөлінеді

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Турксибском районе прокладывают новые инженерные и сети освещения. Так, жители района получат качественную питьевую воду и освещение на своих улицах
В Турксибском районе прокладывают новые инженерные и сети освещения. Так, жители района получат качественную питьевую воду и освещение на своих улицах - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2024
Жазылу
Қаулыға Олжас Бектенов қол қойды
АЛМАТЫ, 19 мамыр - Sputnik. Үкімет Ұлытау облысында инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаржы бөледі, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жезқазғанда тиісті жұмыстарға қосымша қаражат бөлу туралы арнайы қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Облыс әкімдігіне Жезқазған қаласының батыс ауданындағы жаңа шағын ауданға кәріз желілерін, магистральдық су құбыры мен магистральдық жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылатын болады", - делінген хабарламада.
Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданы қарқынды дамиды. Онда жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандардың, оның ішінде 1,2 мың орындық жайлы мектептің құрылысы басталды, оны биылғы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.
"Қажетті инженерлік коммуникацияларды уақтылы төсеу барлық жоспарланған нысандарды толық іске қосады", - делінген хабарламада.
Әкімдіктегілер жалпы облыста тозған коммуналдық желілерді азайтып, қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
0