Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жасар қыз өлі табылды

© Sputnik / Максим БогодвидПолицейская машина
Полицейская машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 мамыр - Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.
Бүлдіршінді іздеуге полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, құтқарушылар, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жаңалықтар
0