https://sputnik.kz/20240518/toqaev-tasqynnan-zardap-shekken-turgyndardy-sapaly-baspanamen-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy-44358027.html
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті 18.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-18T11:57+0500
2024-05-18T11:57+0500
2024-05-18T11:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/05/06/44113610_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_2b49f4888f32f819bdea1f12a6426ab6.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.Сонымен қатар үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/06/44113610_38:0:1243:904_1920x0_80_0_0_f89a18a104c147b69d76a0cffeda4c1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, су тасқыны
қасым-жомарт тоқаев, су тасқыны
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды
Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.
Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.
Сонымен қатар үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.