https://sputnik.kz/20240518/qazaqstandyq-sportshy-aziya-chempiony-atandy-44373954.html
Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Нариман Құрбанов – Азия чемпионы, Милад Карими – күміс жүлдегер атанды. 18.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-18T17:55+0500
2024-05-18T17:55+0500
2024-05-18T17:55+0500
азия чемпионаты
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44374518_0:30:1763:1022_1920x0_80_0_0_d13bf1f76e7499b340bcc6ae4fe2a826.jpg
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариманға тең келер ешкім болмаған. Одан бөлек, қазақстандық атлет Дохада 2022 жылы күміс медальге қол жеткізген.Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Әзімов (14 633 балл) иеленді. Қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудке (14.633) бұйырды. Қазақстандық Милад Карими бұл жарыстпа 13.366 ұпаймен 7-орыннан көрінді.Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медаль (14.600 балл) жеңіп алды. Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанини 5-ші орынға табан тіреді. Алтын Филиппин өкілі Карлос Юлоның еншісінде (14,933 ұпай). Үздік үштікті қытайлық гимнаст Янжи Янг (14.200) түйіндеді.Ертең кермедегі жаттығудың финалында Милад Карими жүлдеге таласады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44374518_98:0:1665:1175_1920x0_80_0_0_0945a7c66f15dc59024432803502adc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия чемпионаты
Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Нариман Құрбанов – Азия чемпионы, Милад Карими – күміс жүлдегер атанды.
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариманға тең келер ешкім болмаған. Одан бөлек, қазақстандық атлет Дохада 2022 жылы күміс медальге қол жеткізген.
Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Әзімов (14 633 балл) иеленді. Қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудке (14.633) бұйырды. Қазақстандық Милад Карими бұл жарыстпа 13.366 ұпаймен 7-орыннан көрінді.
Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медаль (14.600 балл) жеңіп алды. Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанини 5-ші орынға табан тіреді. Алтын Филиппин өкілі Карлос Юлоның еншісінде (14,933 ұпай). Үздік үштікті қытайлық гимнаст Янжи Янг (14.200) түйіндеді.
Ертең кермедегі жаттығудың финалында Милад Карими жүлдеге таласады.