Алматыда "Музей түні" қалай өтті
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Алматы музейлері қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнершілер жәрмеңкесін, шеберлік сыныптарын, көрмелер, экскурсиялар, дәрістер, музыкалық қойылымдар дайындады, бұл түні мұражайларға кіру тегін болды
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық музейлер күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында Sputnik Қазақстан тілшілері Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайға барып қайтты.
Орталық мемлекеттік музейдегі "Музей түні" дәстүрлі акциясы осымен 18-ші рет өткізілді. Биылғы акция "білім беру және зерттеу мұражайлары" тақырыбына арналды.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Қазақ этнографиясы" залында қазақ халқының қалыптасу тарихы, қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысымен танысуға болады. Көрме залының ортасында халықтың өмірі мен тұрмысын айқын көрсететін қазақ киіз үйі қойылған.
Қазақтардың баспанасы туралы ақпарат берген мұражай қызметкері Арайлы Балаева қазақ киіз үйі көшпенділер мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас маңызды бөлігі екенін айтты.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Киіз үй дөңгелек пішінді және жануарлардың терісімен немесе киізбен жабылған ағаш жақтаудан тұрды. Киіз үйдің ішінде өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәрі бар: ағаш төсек, кебеже – азық-түлік қоймалары, заттарға арналған сандықтар, түскиіз бен кілемдер және ыдыс-аяқ.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Мамырдың 17-нен 18-не қараған түні музейге келушілер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхаммеджан Тынышпаев, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан және т.б. сияқты Қазақстанның көрнекті тұлғаларының мұрасы ұсынылған "Ұлы даланың ұлы есімдері" құнды коллекцияларының экспонаттарымен танысты.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бұл күні Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына, Үке Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Құлахмет Ходжиковтың 100 жылдығына, Гүлфайрус Исмаилованың 95 жылдығына орай Қазақстан Халық суретшілерінің өнер туындыларының "Қылқалам шеберлері" мерейтойлық көрмесі ашылды.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Музей түнінде" "Музейге - сый, ұрпаққа - мұра" акциясы өтті, онда әркім музей қорына тарихи заттарын тапсыруға мүмкіндік алды. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары музей коллекциясы жазушы Мұхаммеджан Қаратаевтың, Қазақстанның Халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың, академик Советхан Ғаббасовтың, Рутковская театрының педагогының жеке коллекциясынан алынған заттармен толықты.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бұл түні келушілерге танымдық бағдарламалар ұсынылды, онда әрбір адам Қазақстан тарихы квестіне, "мен қазақтардың дәстүрлерін білемін", "Ұлы Жібек жолы тарихы" викторинасына қатыса алды.
Қалпына келтіру орталығының қызметкерлері мұражай заттарын: кескіндеме, керамика, металл, ағаш, мата, кілем-киіз бұйымдарын қалпына келтіру бойынша көрме шеберханаларын өткізді.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Мұражайдың үшінші қабатында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, суретшілер, изостудиялар кескіндеме, қолөнер, шығармашылық және қолөнер, каллиграфия бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
Гүлзира ханым бау-басқұр, алаша және кілем тоқу станогында қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Оның айтуынша, басқұрды тоқу өте ауыр жұмыс. Қой жүнін жуып, жіп қып иіріп, әртүрлі бояуға бояйды. Ұзындығы 2 метр және ені 1,7 метр болатын бір басқұрды тоқуға шамамен төрт ай кетеді.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Мен мұның бәрін жастарды қызықтыру үшін жасаймын, сонда халық қолөнері жоғалмайды, ұмытылмайды. Ең алдымен шыдамдылық қажет. Қызығушылық бар, бірақ жастардың шыдамы аздап жетіспейді. Менің немерелерім мұны қазіргі күні осы қолөнермен айналыса бастады", - дейді ол.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Сондай-ақ осы түнде шығармашылық индустрия өкілдері, тарихшылар, суретшілер, өнертанушылар, кәсіпкерлер open SPACE диалог алаңында кездесіп, ынтымақтастық және мәдениет пен өнерді ілгерілету мәселелерін талқылады. Мұражайға кіре берісте келушілер концерттік бағдарламаны тамашалай алды, онда Қазақстанның халық әртістері, музыкалық және шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер өнер көрсетті.
"Музей түні" акциясы Алматының басқа музейлерінде де өтті, онда әрбір келушіге экскурсовод-гидтер өзінің мәдени-танымдық бағдарламасын ұсынды.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "Музей түні" өтті
Алматыда "Музей түні" өтті
© Sputnik/Ертай Сарбасов