Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңге бөледі

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Нур-Султане
Здание правительства РК в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
Қажетті инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізу барлық объектіні толыққанды іске қосуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қаржы Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салуға жұмсалады.
"Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданы қарқынды түрде дами бастады. Онда жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталды (2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар)", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, жалпы Ұлытау облысында коммуналдық желілердің тозу деңгейін азайту және реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Соңғы кезде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
ұзындығы 1314 шақырымнан асатын су құбыры желілері бойынша тозу деңгейі 56,5-тен 51,2%-ға,
су бұру желілері бойынша (539 км) – 74,6-дан 71,2%-ға,
жылумен жабдықтау желілері бойынша (639 км) – 60-тан 58%-ға дейін төмендеді.
Жаңалықтар
0