Риддердің жылу желілерін жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңге бөлінді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана В рамках рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область премьер-министр Алихан Смаилов ознакомился с ходом ремонтно-восстановительных работ на ТЭЦ города Риддера
В рамках рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область премьер-министр Алихан Смаилов ознакомился с ходом ремонтно-восстановительных работ на ТЭЦ города Риддера - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
Риддердің жылу желілеріне былтыр жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары олардың тозу деңгейін 78,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Риддердің жылу желілеріне былтыр жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары олардың тозу деңгейін 78,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, бұл тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әлі де жеткіліксіз. Жалпы алғанда, өткен жылыту маусымында жылу желілерінде 25 технологиялық бұзушылық фактісі тіркелді, соның салдарынан тұтынушылар үшін шектеулер енгізілді.
Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының "Водоканал" жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам учаскеде жұмыстар жүргізілмек.
Еске сала кетейік, бір айдан аз уақыт бұрын Бектенов Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін реконструкциялауға қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойған болатын. Атап айтқанда, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,9 млрд теңге бөлінді.
Жалпы алғанда, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары аясында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногорск, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр.
Республиканың жылу көздері мен жылу желілерін кешенді түрде жаңғырту мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында.
Жаңалықтар
0