https://sputnik.kz/20240517/meditsina-universitetterinin-oqytushylary-attestatsiyadan-otkiziledi-44288475.html
Медицина университеттерінің оқытушылары аттестациядан өткізіледі
Медицина университеттерінің оқытушылары аттестациядан өткізіледі
Sputnik Қазақстан
Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілді 17.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-17T08:00+0500
2024-05-17T08:00+0500
2024-05-17T08:00+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14951534_0:191:2964:1858_1920x0_80_0_0_e88fa2b123ce5be5401b54398dbdbc03.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Студенттер мен резиденттер аралық тәуелсіз емтихан тапсырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды.Сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы аттестаттаудан өткізіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Отырыс барысында кадр даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін қазіргі жағдайға талдау жүргізу қажеттігі аталып өтті.Тәуелсіз бағалау нәтижесі медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған. Ол одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14951534_117:0:2848:2048_1920x0_80_0_0_e1764411d8085d5b9106920ab8985057.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
Медицина университеттерінің оқытушылары аттестациядан өткізіледі
Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілді
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Студенттер мен резиденттер аралық тәуелсіз емтихан тапсырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды.
Сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы аттестаттаудан өткізіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Студенттер мен резиденттердің білімін тәуелсіз бағалау, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау ең алдымен медициналық білім беру сапасын арттыруға және отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары деңгейлі кадр даярлауға бағытталған", - делінген хабарламада.
Отырыс барысында кадр даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін қазіргі жағдайға талдау жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Тәуелсіз бағалау нәтижесі медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған. Ол одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылады.