https://sputnik.kz/20240517/kazanforum-qazaqstan-men-resey-premerlerinin-orynbasarlary-kezdesti-44353594.html
KazanForum: Қазақстан мен Ресей премьерлерінің орынбасарлары кездесті
KazanForum: Қазақстан мен Ресей премьерлерінің орынбасарлары кездесті
Sputnik Қазақстан
Өткен жылдың соңында өзара сауда 28,5 миллиард долларға дейін өсті 17.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-17T21:22+0500
2024-05-17T21:22+0500
2024-05-17T21:22+0500
еаэо
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1d/42574535_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0d93ace209bb26fc0e6507ceafb60d53.jpg
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Жыл сайынғы "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллин Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен бірге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады РФ үкіметінің баспасөз қызметі.Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі саналады. Өткен жылдың соңында өзара сауда 28,5 миллиард долларға дейін өсті. Бұған "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің белсенді дамуы да ықпал етуде.Инфрақұрылымды жаңғырту, терминалдар қуаттылығы мен жылжымалы құрамды ұлғайту, тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау бойынша бірлескен жұмыс жолға қойылған.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1d/42574535_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dbbb12db630392650d79dbfdb7faa62d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, қазақстан, ресей
KazanForum: Қазақстан мен Ресей премьерлерінің орынбасарлары кездесті
Өткен жылдың соңында өзара сауда 28,5 миллиард долларға дейін өсті
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Жыл сайынғы "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллин Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен бірге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады РФ үкіметінің баспасөз қызметі.
"Біз Қазақстанмен бауырластық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз, олар ұзақ мерзімді және стратегиялық сипатқа ие. Өткен жылдың өзінде біздің елдердің басшылары алты рет кездесті, бұл Ресей мен Қазақстан тығыз және сенімді диалогты сақтауға мүдделі екенін көрсетеді.
Сондай-ақ біздің елдеріміз арасында мемлекетаралық байланыстардың алуан түрлі механизмдері жұмыс істейді. Негізгі құрал – Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия. Болашақта көптеген салада жаңа табыстарға жетуге мүмкіндік беретін достық қарым-қатынас пен диалогқа ашықтығы үшін Қазақстан Республикасының басшылығына алғыс айтамын", – деді Марат Хуснуллин.
Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі саналады. Өткен жылдың соңында өзара сауда 28,5 миллиард долларға дейін өсті. Бұған "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің белсенді дамуы да ықпал етуде.
Инфрақұрылымды жаңғырту, терминалдар қуаттылығы мен жылжымалы құрамды ұлғайту, тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау бойынша бірлескен жұмыс жолға қойылған.