https://sputnik.kz/20240517/almatyda-medeu-tabigi-parkinin-zherleri-qaytaryldy-44339357.html
Алматыда "Медеу" табиғи паркінің жерлері қайтарылды
Алматыда "Медеу" табиғи паркінің жерлері қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жекеменшiкте бола алмайды 17.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-17T13:52+0500
2024-05-17T13:52+0500
2024-05-17T13:52+0500
жер
жер телімі
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25208012_228:0:3869:2048_1920x0_80_0_0_381c6e58027ad1ad3ca9629e4b85fa46.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы "Медеу" табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жекеменшiкте бола алмайды.Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.Ведомствоның мәліметінше, мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген.Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд теңге сомасындағы жер қайтарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25208012_683:0:3414:2048_1920x0_80_0_0_9b7b5f474e03c9309cd3fb2afe6e340d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, жер телімі
Алматыда "Медеу" табиғи паркінің жерлері қайтарылды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жекеменшiкте бола алмайды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы "Медеу" табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жекеменшiкте бола алмайды.
Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.
"Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болған", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.
Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген.
Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд теңге сомасындағы жер қайтарылды.