3 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Грузиядан экстрадицияланды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрды деген күдіктіні Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.
Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.
Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Жаңалықтар
0