Су тасқыны: баспанамен қамту қашан аяқталады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Бүгінгі күні 21 785 тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті, оның ішінде 9 843 саяжай жалғыз тұрғын үй деп танылды.
"Бүгінгі күнге дейін жергілікті әкімдіктер жүргізіп үлгерген техникалық қадағалау нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында комиссия 1 898 тұрғын үй объектісін салу, жылжымайтын мүлік нарығында 4 059 тұрғын үй объектісін сатып алу, 8 415 нысанды жөндеу туралы шешім қабылдады", - делінген өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Ведомство жұмыстарды аяқтау мерзімін жариялады:
Атырау облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарын аяқтау және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі – 2024 жылғы қыркүйек.
Ақмола облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарының аяқталу және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі – 2024 жылғы қазан.
БҚО – құрылыс және жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі - 31 шілде, тұрғын үйлерді сатып алудың аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 15 тамыз.
Министрлік жедел шешуді талап ететін мәселелерде әдістемелік көмек көрсету проблемаларын талқылау бойынша өңірлермен тұрақты негізде кеңестер өткізуде.
"Әкімдіктердің ұсыныстарының қорытындысы бойынша үкіметтің кейбір шешімдеріне түзетулер жасалды", - делінген хабарламада.
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Олжас Бектенов біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
0