https://sputnik.kz/20240516/qazaqstandyq-auyl-sharuashylygy-tauarlarynyn-qytayga-eksporty-bir-zhyl-ishinde-84-ke-osti-44325081.html
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының Қытайға экспорты 84%-ке өсті
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының Қытайға экспорты 84%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуі... 16.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-16T22:09+0500
2024-05-16T22:09+0500
2024-05-16T22:16+0500
қытай
қазақстан
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_0:81:3073:1809_1920x0_80_0_0_86d7d55a7dffc4b25b99c8cc4e2ff19f.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуі барысында екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың серпінді даму қарқыны атап өтілді және екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелері талқыланды.Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин үкіметтер алдына тауар айналымын $100 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды.Олжас Бектенов Қазақстанның Қытай нарығына органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екендігін атап өтті. Бұған Қытай тарапынан қазақстандық ет және құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеулердің біртіндеп алынып тасталуы оң серпін береді. АӨК саласында терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды құру басым бағыт ретінде белгіленді.Лю Гочжун ҚХР-дың жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және "жасыл" энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін жеткізді.Талқылау барысында транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастыққа, жаңа серпінді инвестициялық жобалар арқылы индустриялық-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге (бүгінгі таңда жалпы сомасы $14,5 млрд болатын 45 бірлескен жоба іске асырылуда), сондай-ақ өңіраралық әрі мәдени-гуманитарлық қатынастарға назар аударылды. "Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы" аясындағы іс-шаралар екі елдің туристік әлеуетінің арта түсуіне ықпал етпек.Қазақстан-Қытай үкіметаралық келіссөздері екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін салалық деңгейде жалғасуда.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020607_72:0:2803:2048_1920x0_80_0_0_87322830a5444551ae6e7268ffbc7426.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан, экспорт
қытай, қазақстан, экспорт
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуі барысында екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың серпінді даму қарқыны атап өтілді және екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелері талқыланды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин үкіметтер алдына тауар айналымын $100 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды.
"Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды арттыру перспективалары қаралды. Бір жыл ішінде агроөнеркәсіп өнімінің тауар айналымы 1,7 есеге өсіп, осы жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш тағы 6%-ға артты. Бұл ретте қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының Қытайға экспорты бір жыл ішінде 84%-ға өсті", - делінген үкімет таратқан хабарламада.
Олжас Бектенов Қазақстанның Қытай нарығына органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екендігін атап өтті. Бұған Қытай тарапынан қазақстандық ет және құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеулердің біртіндеп алынып тасталуы оң серпін береді. АӨК саласында терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды құру басым бағыт ретінде белгіленді.
Лю Гочжун ҚХР-дың жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және "жасыл" энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін жеткізді.
Талқылау барысында транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастыққа, жаңа серпінді инвестициялық жобалар арқылы индустриялық-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге (бүгінгі таңда жалпы сомасы $14,5 млрд болатын 45 бірлескен жоба іске асырылуда), сондай-ақ өңіраралық әрі мәдени-гуманитарлық қатынастарға назар аударылды. "Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы" аясындағы іс-шаралар екі елдің туристік әлеуетінің арта түсуіне ықпал етпек.
Қазақстан-Қытай үкіметаралық келіссөздері екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін салалық деңгейде жалғасуда.