Путин Қытайға барды: екі елдің басшылары халықаралық проблемаларды талқылайды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВизит президента РФ В. Путина в Китай для участия в мероприятиях третьего Международного форума "Один пояс, один путь". День второй
Визит президента РФ В. Путина в Китай для участия в мероприятиях третьего Международного форума Один пояс, один путь. День второй - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2024
Жазылу
Сапар екі күнге созылады және екі кезеңде өтеді: 16 мамырда Путин Бейжіңде, ал 17 мамырда Харбинге барады
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамдағы келіссөздерді бастады, деп хабарлады РИА Новости.
Путин Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен келді, бұл оның инаугурациядан кейінгі алғашқы сапары.
Келіссөздер барысында Ресей басшысы Си Цзиньпинмен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ халықаралық проблемаларды, соның ішінде Украина, Таяу Шығыс және Азия өңіріндегі жағдайды егжей-тегжейлі талқылауға ниетті.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер делегациялардың қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасады.
Кездесу нәтижесінде бірқатар бірлескен құжатқа, соның ішінде Путин мен Си Цзиньпин қабылдайтын жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қатынастарын тереңдету туралы мәлімдемеге қол қою жоспарлануда.
Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.
Сонымен қатар көшбасшылар Қытай Халық Республикасы төрағасының атынан мемлекеттік қабылдауға және елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толуына арналған гала-концертке қатысады.
Мемлекеттік сапар екі күнге созылады және екі кезеңде өтеді: 16 мамырда Путин Бейжіңде болса, 17 мамырда Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласына барады.
Жаңалықтар
0