Астанада "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
© Sputnik / Болат Шайхинов
Жазылу
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 15 маусымға дейін pdf форматында жолдау қажет
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Астана қаласында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Конкурсқа қатысу үшін электронды нұсқада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1.
ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;2.
асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;3.
неке қию туралы куәліктің көшірмесі;4.
ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);5.
балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;6.
заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);7.
отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;8.
қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;9.
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru элекронды поштасына жолдау қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01 нөмірлеріне хабарласуға болады.