https://sputnik.kz/20240515/toqaev-germaniyadan-tartylgan-investitsiya-kolemi-rekordtyq-korsetkishke-zhetkenin-aytty-44286081.html
Тоқаев Германиядан тартылған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты
Тоқаев Германиядан тартылған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады. 15.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-15T13:54+0500
2024-05-15T13:54+0500
2024-05-15T13:54+0500
қасым-жомарт тоқаев
германия
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36216784_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_8ffed96292bc5362b8555062b8ba2072.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады.Кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLASS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр.Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш.Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құру жөнінде ұсыныс айтқанын еске салды. Президенттің пікірінше, бұл орталық еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша толық пайдалануға, инновациялық технологияларды енгізуге және оларды коммерцияландыруға ықпал етеді.Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық әлеуетін дамытуға CLASS зауытының қосқан үлесін жоғары бағалады.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36216784_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ee590843c28f654dd9afa9bdbb5952d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, германия
қасым-жомарт тоқаев, германия
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады.
Кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLASS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр.
Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құру жөнінде ұсыныс айтқанын еске салды. Президенттің пікірінше, бұл орталық еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша толық пайдалануға, инновациялық технологияларды енгізуге және оларды коммерцияландыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық әлеуетін дамытуға CLASS зауытының қосқан үлесін жоғары бағалады.