Сағынтаев: Өзбекстан ЕАЭО-ның ТМД-дағы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр

© пресс-служба ЕЭКБақытжан Сағынтаев пен Ботиржон Асадов
Бақытжан Сағынтаев пен Ботиржон Асадов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Өзбекстан ЕАЭО-ның одаққа кірмейтін ТМД-дағы сауда серіктестері арасында бірінші, ал сауда серіктестерінің жалпы тізімінде жетінші орында тұр
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. 15 мамырда ЕЭК штаб пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Өзбекстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Ботиржон Асадовпен кездесу өткізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, түрлі салалардағы интеграциялық байланыстарды тереңдету жөніндегі келісімдердің орындалу барысын талқылады.
Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан қазіргі уақытта ЕАЭО-ның одаққа кірмейтін ТМД-дағы сауда серіктестері арасында бірінші орында, ал сауда серіктестерінің жалпы тізімінде жетінші орында тұрғанын атап өтті.
"Қазіргі жағдай еуразиялық "бестік" мемлекеттері мен Өзбекстанның өзара іс-қимылын дамыту және экономикалардың әлеуетін қосымша ашу үшін берік негіз болады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп Өзбекстанның бірқатар нақты кооперативтік индустриялық және инфрақұрылымдық жобаға қосылу мүмкіндігін пысықтап жатыр.
Ботиржон Асадов Өзбекстан бақылаушы мемлекет мәртебесін барынша пайдалануға мүдделі екенін және ЕАЭО-да жүзеге асырылатын салалық жобаларға қосылуға дайын екенін атап өтті.
Тараптар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қазіргі уақытта ЕЭК пен Өзбекстан үкіметінің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жаңа жоспары дайындалуда.
2020 жылы 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Өзбекстан Республикасына ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін берді.
Жаңалықтар
0