"ҚазМұнайГаз" басшысы ауысты

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр энергетики Казахстана Асхат Хасенов
Вице-министр энергетики Казахстана Асхат Хасенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Бұрынғы энергетика вице-министрі "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма басшысының міндетін атқарушы болды
АСТАНА, 15 мамыр– Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі.
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналыста "ҚазМұнайГаз" басшысы міндетін атқару жүктелген Асхат Хасеновті ұлттық компания ұжымына таныстырды.
Сондай-ақ қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке "ҚазМұнайГаз" басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғыс айтты.
Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ мұнай-газ өндіру цехында 3-ші разрядты оператор болып бастады.
2006–2010 жылдары "Мұнай-газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да техникалық реттеу бөлімінің жетекші маманынан бастап вице-президенттің басшылық лауазымына дейінгі қызметтерді атқарды.
Осы жылдар ішінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
"Құрмет" орденімен марапатталған.
Жаңалықтар
0