Қазақстан мен Өзбекстан қосдипломды білім беру туралы меморандумға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевДиплом об окончании вуза
Диплом об окончании вуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Осылайша, бір саладағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын ала алады.
"2023 жылы оқуды бастаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірден екі диплом алады. Бүгінгі таңда министрлік жанынан кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі салалық кеңес құрылды, ол саладағы қажеттіліктерді негізге ала отырып, қолданыстағы білім беру стандарттарын өзектендіреді және әзірлейді",– деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жаңалықтар
0